Жаңалықтар тізбегі
0

Атырау облысында тұратын алып жігіт арманы барын айтты

Алып жігіт, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.10.2022 20:58 Сурет: primeminister.kz
Парасат Нұрғалиев Индер ауданына қарасты Құрылыс ауылының тұрғыны. 27 жастағы жігіттің бойы 2 метр 15 см, салмағы 150 келіден асады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ауыр жұмыс десе сұранып тұратын жігіт ауылдастарының қолқанатына айналған. Тек қиыны бойына сай киім таптырмай қиналады екен. "Арқаласа он баланы қайыспайды қабырғасы" деп кезінде Әбділдә ақын жырлаған тағы бір "Толағай" шағын ауылдың мақтанышы. Табиғатынан қағілез, тіл алғыш азаматты біз құрылыс басынан жолықтырдық. 15-20 келілік қайыршақ тастарды саусағының ұшымен алып, асықша ататын оған жоғарыға қол жалғау аса қиын емес. Екі метрлік биіктікке бойы  еркін жететін оған бұл аса ауырлық туғызбайтын секілді, деп хабарлайды "Хабар 24".

3 адамның жұмысын жасай беремін. Адамдар қарайды, қызығады ғой. Қасымда ұсатасатын адам болса, жеңіл машинаның моторын көтере беремін. Болашқта киноға түскім келеді. Арманым сол. Актер болып, Қазақстанның атын шығарсам,осындай ерекше күшімді пайдалансам деп едім. Құрылыс ауылының тұрғыны Парасат Нұрғалиев

Парасаттың бойы 12-13 жастан бастап өсе бастады дейді ағайындары. Оның отбасында 2 ағасы, бір әпкесі бар. Бауырларының дене бітімінде ешқандай ерекшелік жоқ көрінеді. Дегенмен, алып жігітке орасан күш аталарынан берілсе керек.

5-6 сынып оқығанда бұл бала ірі болды. Өзім таңқалатынмын. 9-кластың балаларын еркін жеңіп тастайды күрескенде. Темірге икемі бар көмектеседі жігіттерге, тұрақты жұмысы жоқ. Өзімнің атам ірі болған, әкем де қайратты болды. "Урал" мотоциклді көтеріп судан өтетін аталарымыз болған. Өгізді қойша жыққандарын көрдім көзіммен. Парасаттың ағасы Әсет Серікқалиұлы

Биыл 27 жасқа толған жас жігіттің тұрақты табысы жоқ. Ал алысқа ұзап жұмыс іздеуге киімі тапшы. Ала алмайды емес, таптырмайды екен. Мысалы, аяқ киімінің өзі 56-өлшем. Ондай етікті аудан тұрмақ, Қазақстанда тігетін қалып жоқ екен. Ауыл болып арнайы тапсырыспен аяқ киім мұқтаждығынан құтылыпты. Енді ерекше бітімді жігітке қызығушылық болса, ауылдастары көмектесуге дайынбыз дейді. 

Жан-жақтан тілшілер де, "Қазақфильмнен" азаматтар соғып осылай қызықтырып жатыр. Әрине біз үшін де қуаныш. Жалпы, бұл Парасат ініміз ағалары бар, ағайын бар, ешқандай мұқтаждық көріп жатқан жоқ. Әрине біз оның танымал болғанын қалаймыз. Жарсуат ауылының әкімі Ербол Бөкеев

Әзірше "актер болсам" деген арманның жетегінде жүрген жігіттің болашағы бұлыңғыр. Себебі сүйегі қатайып кеткендіктен енді спортқа араласуға кеш қалыпты. Дегенмен, ғасырда бір туатын осындай орасан қайрат иесін дұрыс жолға салып, тәрбиелеу керек секілді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: