Екібастұзда жаңа МАЭС салынуы мүмкін

"Самұрық-Қазына" қоры, Екібастұз, МАЭС, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.10.2022 12:34 Сурет: Zakon.kz
Қазақстанда көмір өндіретін жаңа электр станциялар пайда болады, соның бірі Екібастұзда салынады. Бұл туралы үкімет отырысында "Самұрық-Қазына" қорының басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Алмасадам Сәтқалиевтің айтуынша, Қор электрэнергетикалық салада жалпы сомасы 9 трлн теңгеден асатын 14 жобаны іске асырады.

Атом элетр станциясын салудың ұзақ уақыт алатынын ескере отырып, жақын арада көмір өндіретін жаңа қондырғылар салу қажет болады. Екібастұзда қуаты шамамен 1200 МВт болатын жаңа МАЭС салу мәселесі қарастырылып жатыр. "Самұрық-Қазына" қорының басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев

17 қазанда Қазақстандағы атом электр стансасының құрылысына бірнеше елдің компаниялары кіретін халықаралық консорциумның тартылатыны белгілі болды. Алайда атом электр станциясының нақты қай жерде салынатыны әлі белгісіз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: