Америкалық ғалымдар коронавирустың өлімге әкелетін жаңа штаммын жасады
Daily Mail-те атап өтілгендей, ғалымдар Omicron масақ протеинін шығарып, оны COVID-19-ның Ухань нұсқасымен байланыстырды.
Сондай-ақ басылымның берген мәліметіне сай, ғалымдардың шығарған «гибридті» нұсқасының кеміргіштер сияқты адамдар үшін өлімге әкелетіні екіталай.
Өз кезегінде Ратгерс университетінің химигі Ричард Эбрайт мұндай қауіпті зерттеу келесі індетті тудыруы мүмкін дейді. Сондай-ақ израильдік жетекші ғалым Шмуэль Шапира бұл зерттеу түріне тыйым салу керек, өйткені бұл «отпен ойнау» екенін айтты.
Айта кетейік, бірнеше айда бүкіл әлемді шарпыған коронавирус індеті туралы алғашқы ресми хабарлама 2019 жылдың 31 желтоқсанында пайда болды.
Қазақстанда коронавирус инфекциясының алғашқы жағдайы 2020 жылдың 13 наурызында тіркелді.
2022 жылғы 18 қазандағы жағдай бойынша Қазақстанда CVI инфекциясының 1 394 028-ден астам жағдайы расталды, оның 13 мыңнан астамы өліммен аяқталды.
Республикада коронавирусқа қарсы екпе 2021 жылдың 11 ақпанында басталды.