Алматыдағы ботаника бағында мамыргүл гүлдеді
Сурет: pixabay
18 қазанда бас ботаника бағының Instagram-дағы парақшасында ерекше табиғат құбылысының видеосы жарияланды. "Сирингарий" алаңында тарихта алғаш рет мамыргүл гүлдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ботаника бағының хабарлауынша, куратор Виктор Дегтев жақында ісінген бүршіктерді байқаған. Бірақ ол гүлдейді деп ойламапты.
Оның ішінде мамыргүлдің сортсыз жабайы түрі гүлдеді. Мамандар күзде мамыргүл гүлдеуін қазан айындағы әдеттен тыс жылы ауа-райымен байланыстырады, - деп жазды Ботаника бағының қызметкерлері Instagram-дағы парақшасында.
Айта кету керек, бақшада Қазақстандағы ең үлкен мамыргүл топтамаларының бірі және Орталық Азиядағы жалғыз топтама бар.
9 қазанда Алматыда күзде гүлдеген мамыргүлдің фотосын қала тұрғынының бірі Facebook парақшасында жариялады. Бұл сурет Қазнет қолданушыларын таңғалдырды.
Сонымен қатар 18 қазанда Түркістан облысының Кентау қаласында алма ағашы күздің ортасында гүлдегені белгілі болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript