Түркістанда кассир екі күнде 10 миллион теңге ұрлап кеткен

10 млн теңге ұрлап кеткен, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.10.2022 15:11 Сурет: Zakon.kz
Түркістандық кассир жеке кәсіпкердің 10 миллион теңгесін ұрлап кеткен. Zakon.kz сайтына облыс полицейлерінен хабарланғандай, ұсталған азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Тәртіп сақшысының айтуынша, АЖ иесі полицияға арызымен жүгінген. Ол қайта есептеу кезінде 10 миллион теңгенің жетіспеушілігін анықтағанын атап өтті.

Жедел шаралар нәтижесінде облыс орталығының тұрғыны ұсталды.

Кейін күдіктінің жеке кәсіпкерде кассир-оператор болып жұмыс істегені белгілі болды.

Әйел кассадан 5 миллион теңге, ал бірнеше күннен кейін сол соманы тағы алған. Ол ұрланған ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Сондай-ақ, хабарда аталған фактіні полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы «Сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемденіп алу немесе иемдену» бойынша тіркеді.

Қазір күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Қыркүйек айында Шығыс Қазақстан облысында үй қызметкерінің сейфтен 61 миллион теңге ұрлап, өзіне жұмсағаны белгілі болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: