Шығармашылық және спорттық тапсырыстар бойынша әкімдіктердің қарызын үкімет өтейді
Атап айтсақ, Қазақстан Республикасының үкіметі және жергілікті атқарушы органдар резервтерінің ақшасына қажеттілік ағымдағы қаржы жылында туындағанда және оларға қажеттілік Қазақстан Республикасы үкіметінің, орталық мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін соттардың шешімдері бойынша, сондай-ақ мемлекеттік шығармашылық және спорттық тапсырыстар бойынша өтеу жағдайларын қоспағанда, бюджеттік бағдарлама әкімшісінің өткен міндеттемелеріне байланысты болмағанда бөлінеді.
Құжатта сондай-ақ халықтың әлеуметтік шиеленісінің туындау мүмкіндігін болдырмау мақсатында облыстар, Астана, Алматы және Шымкент қалалары әкімдіктерінің мемлекеттік шығармашылық және спорттық тапсырыс бойынша жеткізушілер алдындағы қарыздарын өтеу үшін бөлінетіні жазылған.
Құжат 2 қарашаға дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.
Алматы әкімі Досаев Ерболат ArtSport бағдарламасы бойынша қарыз шамамен 2,2 млрд теңге болғанын мәлімдеді. Осы қаржылық бұзушылықтарға байланысты бағдарлама тоқтатылды.