18 қазандағы сауда-саттықта доллар бағамы тұрақтанды

Доллар, теңге, еуро, рубль, мұнай, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.10.2022 16:09 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 472,88 теңге (-0,02) болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 7,60 теңгеге (+0,06) дейін көтерілді.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы көтеріліп, 65,75 теңгені (+0,19) болды.

Еуро бойынша сауда-саттық болған жоқ. Еуро бағамын Ұлттық банк 461,24 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 474-478,5 теңге, еуро 463-469 теңге, ресей рублі 7,1-7,4 теңге аралығында сатылып жатыр.

Ал 18 қазандағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы көтерілді.

Мәселен, Brent маркалы мұнайдың желтоқсан фьючерстерінің құны 0,82%-ға өсіп, барреліне 92,37 доллар болды.

Қараша айындағы WTI маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы барреліне 0,96%-ға өсіп, 86,28 доллар болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: