31 қазандағы саудада доллар бағамы аздап көтерілді
Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 468,35 теңге (+0,95) болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы көтеріліп, 64,60 теңге (+0,28) болды.
Еуро мен Ресей рублімен сауда болған жоқ. Еуро бағамын Ұлттық банк 464,76 теңге, рубльді 7,58 теңге деп белгіледі.
Ақша айырбастау орындарында доллар 468-472 теңге, еуро 461-467 теңге, ресей рублі 7,1-7,35 теңге аралығында саудаланып жатыр.
31 қазандағы саудада әлемдік мұнай бағасы төмендеп жатыр.
Brent маркалы мұнайдың қаңтар фьючерстерінің құны 0,8%-ға төмендеп, барреліне 93,02 доллар болды.
WTI маркалы мұнайдың желтоқсандағы фьючерстері 0,67%-ға төмендеп, барреліне 87,31 доллар болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript