Жаңалықтар тізбегі
0

Демалыс күндері еліміздің оңтүстігі мен шығысында күн суытады

Қазақстан, ауа райы, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.10.2022 12:48 Сурет: Zakon.kz
"Қазгидромет" РМК 2022 жылғы 22-24 қазан аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптиктердің болжамынша, 22 қазанда елдің солтүстігінде қар аралас жаңбыр жауады, тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін.

Тек елдің оңтүстігі мен шығысында жылы ауа-райы сақталады, бірақ 23 қазанда ауа-райының тұрақсыз сипаты күтіледі."Қазгидромет" РМК

23 қазаннан бастап батыста, 24 қазаннан бастап солтүстікте жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы төмендей түседі.

Ауа температурасы:

  • батыста түнде 5°C аяз -5 °C жылы, күндіз 2-12 °C жылы;

  • солтүстік, солтүстік-батыс, солтүстік-шығыста түнде 0-8 °C жылыдан 0-8°C аязға дейін, күндіз 2-10 °C жылыдан 2 °C аяз - 5 °C жылыға дейін төмендейді;

  • республиканың орталығында түнде 2-10 °C жылыдан 0-8 °C жылыға дейін, күндіз 8-18 °C жылыдан 3 °C аяз – 5 °C жылыға дейін төмендейді;

  • еліміздің шығысында түнде 3°C аяз - 5 °C жылыдан 0-8 °C аязға дейін, күндіз 12-20 °C жылыдан 3 °C аяз - 5 °C жылыға дейін төмендейді;

  • оңтүстік, оңтүстік-шығыста түнде 5-12 °C жылы, таулы аудандарда 0-5 °C аяздан 0-5 °C жылы, таулы аудандарда 5-10 °C аязға дейін, күндіз 20-25 °C жылы, таулы аудандарда 12-17 °C жылыдан 5-13 °C жылы, таулы аудандарда 2°C аяз -5°C жылыға дейін күрт төмендеуі болжанады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: