Доллар қайта қымбаттады

Доллар, теңге, рубль, юань, еуро, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.10.2022 16:18 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 2,16 теңгеге қымбаттап, 470,60 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 7,63 теңгеге (+0,02) дейін көтерілді.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да көтеріліп, 64,85 теңге (+0,27) болды.

Еуро бойынша сауда-саттық болған жоқ. Еуро бағамын Ұлттық банк 458,01 теңге деңгейінде белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар – 473-479 теңге, еуро – 461-466 теңге, ресей рублі – 7,15-7,45 теңге аралығында сатып алынып/сатылып жатыр.

Ал 21 қазандағы сауда-саттықта мұнайдың әлемдік бағасы төмендеді.

Brent маркалы мұнай фьючерстерінің құны 0,1%-ға арзандап, барреліне 92,26 доллар болды.

Америкалық WTI маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы барреліне 0,03%-ға арзандап, 84,47 доллар болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: