Доллар тағы қымбаттады
Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 2,66 теңгеге қымбаттап, 477,89 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 7,45 теңгеге дейін төмендеді.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы көтеріліп, 66,85 теңге (+0,93) болды.
Еуро бойынша сауда-саттық болған жоқ. Еуро бағамын Ұлттық банк 460,65 теңге деп белгіледі.
Ақша айырбастау орындарында доллар 477-480 теңгеден, еуро 465-470 теңгеден, ресей рублі 6,9-7,2 теңгеден сатып алынып/сатылып жатыр.
Ал 12 қазандағы аукционда мұнайдың әлемдік бағасы төмендеді.
Brent маркалы мұнайдың желтоқсандық фьючерстерінің құны 0,49%-ға арзандап, барреліне 93,83 доллар болды.
Қараша айындағы WTI маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы барреліне 0,63%-ға арзандап, 88,79 доллар болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript