Жаңалықтар тізбегі
0

Синоптиктер Қазақстанның бірнеше өңірінде қар жауатынын болжады

Ауа райы болжамы, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.10.2022 20:37 Сурет: pixabay
Cиноптиктер 22-23 қазанда қолайсыз ауа райының орын алу ықтималдылығына байланысты ескерту жариялады. "Қазгидромет" РМК еліміздің бірқатар өңірінде күн күрт суытып, қар жауып, тұман түсетінін болжайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

22 қазанда түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстік жартысында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың солтүстік жартысында батыстан соққан желдің екпіні 17-22 м/с жетеді.

Қарағандыда қатты соққан желдің екпіні 22 м/с дейін барады деп күтіледі.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашынды ауа райы сақталады, облыстың батысында жаңбыр жауып, арты қарға ұласады деп болжанады. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың басым бөлігінде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 20 м/с құрайды, облыстың оңтүстік-батысында соққан желдің екпіні 25 м/с дейін жетуі мүмкін. "Қазгидромет" РМК

Қызылорда облысында оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ойсады деп күтіледі. Түнде және күндіз облыстың орталығында соққан желдің екпіні 15-20 м/с, орталықта 25 м/с дейін жетеді деп болжанады.

Қызылордада оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа 15-20 м/с жылдамдықпен ойыса жел соғады.

Петропавлда жаңбыр жауып, арты қарға ұласады, сондай-ақ көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде және таңертең тұман болады. Күндіз облыстың батысында солтүстік-батыстан, солтүстіктен 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

23 қазанда Жетісу облысында синоптиктер сынап бағаны күрт төмендейтінін болжайды: күндіз +7...+ 12°C, облыстың солтүстігінде және таулы аймақтарында +2...+7°C.

22 қазанда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, кей тұста оның екпіні 25 м/с дейін жетеді.

22 қазанда түнде Батыс Қазақстан облысының шығысында тұман болады деп күтіледі. Облыстың батысында солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

22 қазанда түнде Түркістан облысының таулы аудандарда, күндіз өңірдің солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында және тау бөктерінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с, тау асуларында соққан желдің екпіні 25 м/с дейін жетеді, Шымкент пен Түркістанда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды. "Қазгидромет" РМК

Күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде қар аралас жаңбыр жауады деп күтіледі. Облыстың оңтүстік жартысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды, кей тұста соққан желдің екпіні 23 м/с жетеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: