Ақтөбеде мыңнан аса адам бір мезгілде әнұран шырқады
Сурет: Zakon.kz
Ақтөбеде 91 метрлік тутұғыр орналасқан орталық саябақта мыңнан аса адам бір мезгілде еліміздің әнұранын шырқап, көк ту көкке көтерілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мәні зор, тағылымы мол шараға қала тұрғындары көптеп жиналды. Акция барысында автошеру өткізіліп, жергілікті әртістер мен шығармашылық ұжымдары патриоттық тақырыптағы әндерді шырқады. Шараға арнайы шақырылған меймандардың арасында КСРО, Еуропа және Әлем чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, каратэден V дан иегері Әшім Қали да бар. Ол еліміздің көк туын ең алғаш болып халықаралық аренада көкке көтерген спортшы.
Біз көтерген екенбіз. Бізден екі күннен кейін Барселона олимпиадасы басталды, сол жерде құрдасым Дәулет Тұрлыханов көтерген олимпиада ойындарында. 2 күн бұрын Еуропа чемпионы болып, бізге бұйырды көтеру. Бауырластар сол Франциядағы қызықтап, еуропадан келді.Солардың қуанышы, расында, бөріктерін аспанға лақтырып, олар қуанды. Сол жердегі 2-3 мемлекеттің посолдары келіп, біздің көк туды көруге асықты,келді. Әшім Қали, ардагер спортшы
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript