Павлодарда зауыттың бұрынғы басшылары сотталды
Сурет: Zakon.kz
Павлодар мұнай-химия зауытының бұрынғы басшыларына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланған олар мемлекетке 750 млн теңгеден аса шығын келтірген.
Нақтырақ айтқанда, осы жылдың ақпан айында аустсорсинг компаниялар арқылы зауыт өндіретін дизель отынын коммерциялық сауда айналымына жіберді деген күдікке ілінді.
Тергеу барысында олар кінәларын толық мойындады. Шығын өтелді. Сот кәсіпорынның экс-директорлары Шухрат Данбай мен Оспанбек Әлсейітовті 3 жыл 6 ай мерзімге, ал, Ержан Атақұловты ірі көлемде алаяқтық әрекет жасады деп танып 5 жыл шартты мерзімге бостандығын шектеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript