Маман аз, бірақ қажетті мөлшерде ұйықтаудың тәсілін айтты
Сурет: unsplash
Ұйқы дененің жұмысын қалпына келтіріп, адамға ауыр жұмыс күнінен кейін демалуға мүмкіндік береді. Алайда көп адамның кеш ұйықтайтын әдеті олардың жеткілікті ұйықтап, ағзаны өте маңызды гормон – мелатонинмен қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сомнолог Александра Калинина түнгі демалыс уақытын денсаулыққа зиян қылмай қысқартатын әрі қалыпқа келу мүмкіндігін беретін әдіс туралы айтты, деп жазды "Вечерняя Москва".
Біз шын мәнінде, тек мелатонин гормоны бөлінуі үшін ұйықтаймыз. Оны дене қатаң белгіленген сағаттарда, яғни 20:00-ден таңғы үшке дейін шығарады. Дәл осы уақытта мидың эпифизі осы процесті бастайды.Сомнолог Александра Калинина
Маман мелатонин гормоны қараңғыда өндірілетінін ал гормон белсенділігінің шыңы 23:00-ден 02:00-ге дейін болатынын түсіндірді. Терең фазадағы үш сағаттық ұйқы денені қалпына келтіріп, қажет қуатты толықтыра алады. Осылайша жаңа күнге адам күш пен тиімділікке толы болады.
Схема өте қарапайым: 22:00-де ұйықтауыңыз керек. Сонда 23:00-де терең ұйқы фазасы болады. Осы режимдегі 4-5 сағаттық ұйқы қалпына келтіруге және мелатониннің қажетті мөлшерін алуға мүмкіндік береді.Александра Калинина
Егер адам түн ортасында ұйықтаса, онда мелатонин гормоны бөлініп үлгермейді. Маманның айтуынша, таңертең шаршау және әлсіздік сезімі пайда болады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript