Жаңалықтар тізбегі
0

Жамбыл облысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бірлескен күш-жігермен жүзеге асырылып жатыр

Жамбыл облысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бірлескен күш-жігермен жүзеге асырылып жатыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.11.2024 17:50 Сурет: Жамбыл облысының прокуратурасы
Облыс және барлық аудан әкімдері мен құқық қорғау органдары басшыларының қатысуымен заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша жүргізілген Үйлестіру кеңесінде есірткі қылмысына және нашақорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша бірлескен жұмысты күшейту бойынша қосымша шаралар айқындалды.

Облыс және барлық аудандардың әкімдері мен құқық қорғау органдары басшыларының қатысуымен заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша жүргізілген Үйлестіру кеңесінде есірткі қылмысына және нашақорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша бірлескен жұмысты күшейту бойынша қосымша шаралар айқындалды.

"Есірткісіз болашақ" жобасы және Есірткінің заңсыз айналымымен күрес бойынша мекемеаралық жоспардың нәтижесінде есірткі қылмыстары 15,2%-ға (520-дан 411-ге) төмендегені, 1100 тоннадан астам жабайы қарасора жойылғаны атап өтілді, бұл есірткінің еліміздің басқа өңірлеріне таралуының азаюына әсер етті (2023ж. – 286 кг, а.ж. – 30 кг).

Жамбыл облысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бірлескен күш-жігермен жүзеге асырылып жатыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.11.2024 17:50

Сурет: Жамбыл облысының прокуратурасы

"NarkoShekteuTaraz" телеграм-боты өзінің тиімділігін көрсетті, оның көмегімен 2986 есірткі сайттары бұғатталды, 500-ден астам граффити жойылды және есірткінің жарнамасы бойынша 26 қылмыстық іс тіркелді. Бұл жұмысқа қоғам белсінділері, еріктілер және студенттер ат салысуда.

Есірткінің заңсыз айналымымен айналысқан 38 топтың қызметіне тосқауыл қойылды, ал күштік құрылымдар жұмысының нәтижесінде есірткіні сатуды анықтау 24,7%-ға (93-тен 116-ға) өсті.  

Сондай-ақ қылмысқа арандатушылыққа жол бермеу, мемлекеттік шекарадағы бақылауды күшейтумен есірткі зертханаларын және ҰҚТ-ны анықтауды арттыру бойынша шаралар айқындалды.

Жамбыл облысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бірлескен күш-жігермен жүзеге асырылып жатыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.11.2024 17:50

Сурет: Жамбыл облысының прокуратурасы

Облыс прокуроры есірткі тұтынушылардың статистикасы шын мәніндегі жағдайды көрсетпейтінін атап өтті: 35 жасқа дейінгі 709 жас  есепте  тұр.

Бұл ретте, прокурорлар облыстық есірткі диспансері мен денсаулық сақтау мекемелерінің арасында өзара байланыстың болмауы салдарынан 156 есірткі тұтынушы есепке алынбағанын анықтады. Бүгінде мұндай азаматтарды есепке алудың жаңа тетіктері енгізілді.

Жамбыл облысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бірлескен күш-жігермен жүзеге асырылып жатыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.11.2024 17:50

Сурет: Жамбыл облысының прокуратурасы

Осы жылы есірткімен байланысты 93 қылмысты жоғары және арнайы білімдері бар жұмыссыз жастар жасаған.

Осыған байланысты, Ербол Қарашөкеев әкімдерге жұмыспен қамту шараларын жандандыруды және есірткіге тәуелді тұлғаларды оңалту орталығының құрылыс мәселесін қарастыруды тапсырды.

Облыс әкімі есірткінің азаюына септігін тигізген қарасораны жою жұмыстарының тиімділігін оң бағалап, бұл жұмысты келесі жылы да жалғастыруды және қарасораны өңдеу бойынша арнайы жобасын жүзеге асыру мүмкіндігін зерделеуді тапсырды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: