Төтенше жағдайлар департаменті алматылықтарды сақ болуға шақырды
Сурет: pixabay
28 қазанда таңертең және түнде Алматыда тұманға байланысты дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы Zakon.kz тілшісіне Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаментінен хабарлады.
Осыған байланысты ТЖД автокөлік жүргізушілеріне тұманды жағдайда аса сақ болуға шақырды.
Төтеншеліктердің кеңесіне сүйенсек, мүмкіндігінше сапарды кейінге қалдырып, ауа райының жақсаруын күткен абзал.
Бұл мүмкін болмаса, көлікті қауіпсіз жүргізудің басты кепілі – жылдамдықты айтарлықтай төмендету екенін есте ұстаған жөн, – дейді мамандар.
Сонымен қатар туристер мен демалушыларға таулы аймақта қауіпсіздіктің барлық шаралары мен тәртібін сақтауға кеңес берді.
Синоптиктердің 2022 жылғы 28 қазанға арналған ауа райы болжамына сүйенсек, елдің басым бөлігінде жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы төмендейді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript