Қазгидромет алматылықтарды тауға шықпауға шақырды

Көкжайлау, тау, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.06.2022 18:55 Сурет: Zakon.kz
«Қазгидромет» РМК дауылды ескерту жариялады. 28 маусымда таулы аймақтарда таңертең және күндіз найзағай ойнайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сонымен қатар солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метр күшейіп, найзағай ойнайды.

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі туристерге жаяу серуендеуден бас тартуды сұрап, үндеу жасады.

Мамандар «112-ден» келетін ескертулер мен БАҚ хабарламаларын қарай жүруді сұрады.

Еске сала кетейік, синоптиктер Қазақстан бойынша 28-30 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Ел аумағында күн күркіреп, бұршақ жауып, жел күшейеді. Ауа температурасы төмендейді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: