Қазақстандықтар YouTube-тің дұрыс жұмыс істемей тұрғанын байқады

Youtube, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.10.2022 13:14 Сурет: unsplash
Қазақстандықтар 28 қазан күні таңертең YouTube видеохостингінің істен шыққанына шағымданған. Кейбір қолданушылардың айтуынша, хостингтің мобильді қосымшасы мен веб-нұсқасы жұмыс істемеген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сонымен қатар қазақстандықтар Instagram желісінің кейінгі үш күнде тұрақты істеп тұрмағанын айтып жатыр. Аккаунтқа кіру қиындаған. Оның үстіне код жазылған SMS-тер де кешіккен.

Бұған дейін қазақстандықтар интернет пен байланыстағы ақауларға шағымданған еді. Әсіресе қыркүйек айында Қазақстанда үлкен ақаулар тіркелді. Tele2, Kcell және Beeline Қазақстан интернеттегі үзілістерге қатысты пікір білдірді.

Қазақстандық байланыс операторлары нашар интернет үшін шамамен 271 миллион теңге төледі. Бұл туралы 26 қазанда мәжіліс алаңында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі мәлімдеді.

11 шілдеде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сапасыз байланыс пен интернет қызметтері үшін жазаны қатайтатын заңға қол қойды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: