Жигули Дайрабаев: Жастарды масылдыққа үйреткен бұл саясат дұрыс емес
Фото: Facebook/Жигули Дайрабаев
Қазақстан президенттігіне "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан үміткер Жигули Дайрабаев жастар мәселесін көтерді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол Facebook-тегі парақшасында 27 қазан күні Қызылорда облысының сайлаушыларымен кездескенін, олардың арасында түрлі сала мамандары, оның ішінде жастар да бар екенін айтты.
Жигули Дайрабаев жастардың жасын 29-дан 35-ке дейін көтеру мәселесін қайта "жан-жақты қарастыру керек" деп есептейді.
"Он бесінде бала болса, қырық бесінде де бала болады" деген сөз бар. Біз енжарлыққа, масылдыққа үйретіп, үкіметтің қолдауына зәру қылып қойған бұл саясатымыз дұрыс емес. Меніңше, бұл мәселені қайта қарау керек. 29 жасқа дейін ол өмірден орнын таппаса, білім алып, кәсіп игермесе, бұл қалай болғаны?
25 қазанда Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаттары мемлекеттік жастар саясаты жөніндегі заң жобасына әйелдердің 61 жастан зейнетке шығу құқығын бекітетін норманы қамтитын түзетулерді екінші оқылымда мақұлдады. Сонымен қатар заң жобасын әзірлеу барысында депутаттар "жастар" ұғымының жас аралығын 29-дан 35 жасқа дейін ұлғайтуға бағытталған түзетулер енгізді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript