ҚР президенттігінен үміткер Жигули Дайрабаев барлық талаптарға сай – ОСК
Сурет: Zakon.kz
Орталық сайлау комиссиясы отырысында ҚР президенттігінен үміткер Жигули Дайрабаевтың талаптарға сай екені жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Осылайша Дайрабаев президенттікке кандидат ретінде ресми түрде тіркеуге алынды. ОСК оған қатысты қол жинауға арналған парақшаларды беру туралы қаулы шығарды.
1 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев осы күзде кезектен тыс Президент сайлауын өткізуді ұсынды.
5 қазанда Дайрабаев ОСК-ға өз құжаттарын тапсырды.
6 қазанда Қасым-Жомарт Тоқаевты халық коалициясы президенттікке кандидат ретінде ұсынды.
Қазақстанда Президент сайлауы 20 қарашаға белгіленген.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript