ОСК Тоқаевтың президенттікке кандидатурасын талаптарға сай деп шешті

Орталық сайлау комиссиясы Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Конституцияда және ҚР Сайлау туралы Конституциялық заңда оған қойылатын талаптарға сәйкес екендігін анықтау бойынша отырыс өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы ҚР ОСК хатшысы Мұхтар Ерман комиссияның отырысында мәлім етті.
ҚР президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ҚР Конституциясында және ҚР Сайлау туралы Конституциялық заңында оған қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау туралы хаттамаға қол қойылды. Осылайша Орталық сайлау комиссиясы республика президенттігіне кандидат Қасым Жомарт Тоқаевтың Конституцияда және ҚР Сайлау туралы Конституциялық заңда оған қойылатын талаптарға сәйкес екендігін анықтады, делінген ОСК қаулысында.
Айта кетсек, ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы 20 қарашада өтеді.
23 қыркүйектен бастап Қазақстан президенттігіне кандидаттар ұсыныла бастады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript