Салтанат Тұрсынбекованың кандидатурасы заң талаптарына сай - ҚР ОСК

ОСК, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.10.2022 20:50 Сурет: Facebook/saltanat.tursynbekova
Орталық сайлау комиссиясы ҚР Президенттігіне кандидат Салтанат Тұрсынбекованың ҚР Конституциясы мен ҚР Cайлау туралы Конституциялық заңында қойылған талаптарға сай келетіндігін растады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Салтанат Тұрсынбекованың кандидатурасы "Қазақ аналары – дәстүрге жол" қоғамдық ұйымы атынан ұсынылып отыр.

ҚР Конституциялық Заңының 54-бабына, 3-тармағына және 2-тармақшасына, 6-тармағына және 56-бабына сәйкес ҚР Президенттігіне кандидат Салтанат Тұрсынбекова ҚР Конституциясы және ҚР Сайлау туралы Конституциялық заңында қойылған талаптарға толық сәйкес келеді. ҚР ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров

Сондай-ақ, аталған үміткердің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейіне қатысты лингвистикалық комиссия шешімі шықты. Оған сәйкес, Тұрсынбекова Салтанат Пархатқызының мемлекеттік тілді еркін меңгергені расталды.

Айта кетсек, Қазақстанда мерзімінен бұрын ҚР Президенті сайтауы 20 қарашада өтеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: