Қасым-Жомарт Тоқаев Иран Ислам Республикасының Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Президент Иран елінің президентіне көңіл айтты , сурет - Zakon.kz жаңалық 28.10.2022 17:22 Сурет: akorda.kz
Жеделхатта Қазақстан Президенті Иранның Шираз қаласындағы Шахчерағ ғибадатханасында болған лаңкестік әрекеттің салдарынан көптеген азаматтың қаза тапқаны және жарақат алғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алғанын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осындай ауыр сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, барша қазақстандықтардың және жеке өз атымнан Сізге, жақындарынан айырылғандарға, сондай-ақ бүкіл Иран халқына көңіл айтамын, – деп жазылған Мемлекет басшысының көңіл айту хатында.

Қасым-Жомарт Тоқаев бақилық болғандардың жаны жәннатта болуына, зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектестік білдірді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: