Жаңалықтар тізбегі
0

Тимур Сұлтанғазиев ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі болып тағайындалды

Тимур Сұлтанғазин жаңа қызметке тағайындалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.10.2022 09:59 Сурет: gov.kz
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Сұлтанғазиев Тимур Сламжанұлы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тимур Сұлтанғазиев 1982 жылы Алматы қаласында туған.

Қазақ ұлттық медицина университетiн, Tulane University (АҚШ) бiтiрген.

Еңбек жолын 2005 жылы С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық университетінің №1 қалыпты анатомия кафедрасының зертханашысы болып бастады.

2010 жылы – «Республикалық медициналық жедел жәрдем ғылыми орталығы» АҚ білім бөлімінің жетекші маманы, маркетинг және стратегия бөлімі бас маманының міндетін атқарушы.

2010-2013 жылдары «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ Инновация және технологиялық трансферт департаментiнде түрлі қызметтер атқарды.

2013-2014 жылдары – «Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығының» президентi.

2014-2016 жылдары коммерциялық ұйымдарда жұмыс істеді.

2016 жылы Республикалық денсаулық сақтау орталығы бас директорының орынбасары болды.

2016-2017 жылдары – Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрлiгiнiң Медициналық қызметті стандарттау департаменті директорының м.а., директоры.

2017-2018 жылдары – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Жобаларды басқару департаментінің директоры.

2018-2020 жылдары – СҚО әкiмдiгiнiң денсаулық сақтау басқармасының басшысы, Петропавл қаласы.

2020 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлiгi Тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң сапасы мен қауiпсiздiгiн бақылау комитетiнiң төрағасы болды.

2021-2022 жылдары – Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: