Жаңалықтар тізбегі
0

Елдегі мыңдаған тонна бидай шіріп кеткелі тұр

Елімізде бидай тасымалдайтын жағдай жоқ, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.10.2022 11:04 Сурет: pixabay
Биыл бидай бітік шығып, қамбалар астыққа толды. 22 млн тонна астық бастырылды. 2021 жылдан 26 пайызға көп. Бірақ шаруалар бұған қуана алмай отыр. Мыңдаған тонна бидай шіріп кеткелі тұр. Өйткені диірмендерге жеткізуге де, сыртқа сатуға да мүмкіндік жоқ, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл уақытта Ресей Орталық Азия мен Каспий маңы бассейні елдерінің астық және ұн нарығындағы позициясын нығайтуға бекініп отыр. Ташкентте өткен Каспий және Орталық Азия астық форумының ашылуында Астық экспорттаушылар одағының басқарма төрағасы Эдуард Зернин былай деді: «...Қазақстанда су тапшылығының шиеленісуі және 2030 жылға қарай бидай шығымдылығының шамамен 40%-ға төмендеуінің өте шынайы жағымсыз сценарийі бар. Бұл жағдайда Қазақстандағы бидай өндірісі шамамен 8 миллион тоннаға дейін төмендеуі мүмкін, бұл елдің импортқа тәуелділігін арттырады». Цитата соңы.

Зернин Қазақстан үшін жағымсыз жағдайды Ресей ұтымды пайдаланып қалғысы келетінін меңзеп тұр. Батыс нарығынан айырылған Ресей енді Орталық Азияға көз тігіп отыр. Ал Тәжікстан мен Өзбекстанға импортталатын астықтың 90%-ға жуығы Қазақстаннан келетінін ескерсек, мұндай сценарий солтүстіктегі көршімізді қуантпаса қынжылтпайтыны анық, деп жазады qazaqstan.tv.

Орта Азия елдерінің халқы 10 жылда 20-22 млн адамға өсіп жатыр. Бұл бидай тұтыну да 2 млн тоннаға артады деген сөз.

Яғни, нарық кеңейе түседі. Қазақстан осы нарықтағы орнынан айрылып қалмау керек-ті. Бірақ әзірге вагон тапшылығы сияқты проблеманы шеше алмай отырмыз.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: