Ақтөбе клубындағы екі адамның өлімі: 13 күдікті ұсталды
Сурет: Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі
26 қазанда Ақтөбедегі түнгі клубтардың бірінде қос кісі өлтіру оқиғасы орын алды. 31 қазанда облыс полицейлерінің хабарлауынша, аталған фактіге қатысты қылмысқа қатысушылардың барлығы ұсталды. Олар сот қаулысымен тергеу мерзіміне қамауға алынды, деп жазады Zakon.kz.
Ақтөбе облыстық полициясының баспасөз қызметі барлығы 13 адам ұсталғанын түсіндірді. Олардың арасында түнгі клубтың директоры да бар. Ол «аса ауыр қылмыс туралы хабарламағаны, сондай-ақ дер кезінде медициналық көмек көрсету шараларын қолданбағаны үшін» ұсталды.
Ұсталғандардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатқаны айтылды.
Сонымен қатар, лицензияның күшін жою және клубты жабу туралы сотқа шағымданатын болады.
Қылмыстық істі тергеу аясында Полиция департаменті барлық ойын-сауық мекемелерінде азаматтардың қауіпсіздік талаптарын сақтауына тексеру жүргізеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript