Талдықорғанда 53 жастағы әйелді зорлаған күдікті ұсталды
Сурет: Zakon.kz
Талдықорған қаласындағы қонақ үйлердің бірінде жұмыс істейтін 53 жастағы әйелді қонақ үй тұрғыны зорлап кеткен. Жәбірленуші 28 қазан күні қалалық полицияға шағымданған. Күдікті Алматы қаласында ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Polisia.kz сайтының жазуынша, оқиға орнынан қашып кеткен ер адам 35 жастағы Алакөл ауданының тұрғыны болып шықты.
Полиция қызметкерлері күдіктіні қонақ үйде орнатылған бейнебақылау камералары арқылы анықтады.
Талдықорған қалалық полиция департаментінің мәлімдеуінше, күдікті бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылып, жазасын түзеу мекемелерінде өтеген.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Алматы қаласының аумағында жасырынып, іздеуде жүрген ер адамның мекенжайы анықталды. Қазіргі уақытта күдікті Талдықорған қаласына жеткізіліп, қамауға алынды, – делінген ҚР ІІМ баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Ведомство өкілдері қазір ҚР ҚК-нің 120-бабы (Зорлау) және 121-бабы (Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) бойынша тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді.
Тергеу барысында ұсталған күдіктінің басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріледі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript