Алматыда әйелді өлтірді деген күдікті анықталды
Сурет: polisia.kz
Алматыда 42 жастағы әйелді өлтірді деген күдікті анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл қылмыс 8 қазан күні сағат 23.00 шамасында қаланың Алмалы ауданында орын алған.
12 қазанға қараған түні емдеу мекемесінде көз жұмған 1980 жылы туған азамат А., көптеген пышақ жарақаттарымен қаладағы жақын жердегі ауруханаға жеткізілді.
Аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Бұл қылмысты ашу мақсатында арнайы жедел-тергеу тобы құрылды.
Күдікті анықталды. Оны қамауға алу шаралары жүргізілуде.
Тергеу барысы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мен Алматы қалалық полиция департаменті басшылығының бақылауында.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript