Жаңалықтар тізбегі
0

Қызылордада кісі өлтірді деген күдікті ұсталды

полиция Сурет: Zakon.kz
Қызылорда 42 жастағы тұрғынды өлтірді деген күдікті ұсталды, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, ​24 сәуірде полицияға қалалық ауруханадан 42 жастағы азаматтың жансақтау бөлімінде қайтыс болғаны туралы хабарлама түскен. 

Хабарлама бойынша, полиция қызметкерлерімен жедел-іздестіру жұмыстары жүргізілді. Тексеру барысында екі азаматтың өзара жанжалдасып, салдарынан жəбірленуші алған ауыр дене жарақаттарынан ауруханада қайтыс болғандығы анықталды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 106-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру əрекеттері жүргізіліп жатыр. Бұл қылмысты жасады деген күдікті азамат оқиға орнынан бой тасалаған. 

Жедел іздестіру шараларының нəтижесінде күдікті 38 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Ол УҰИ-ға қамалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мəн-жайы анықталып жатыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз