Алматыда зейнеткерлердің атынан заңсыз несие рәсімдеген күдікті анықталды
Сурет: Zakon.kz
Алматыда зейнеткерлердің атынан заңсыз несие рәсімдеген күдікті анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бір эпизодта 26 жастағы К. есімді азаматша әженің сеніміне қиянат жасап, оның деректерін пайдаланып, онлайн 900 мың теңге көлемінде тауарлық несие рәсімдеген.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ұсталды. Ол ақшаның қажеттілігін алға тартып, істеген ісін бірден мойындады. Осы дерек бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді, – деді Әуезов аудандық Полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.
Бір қызығы, күдікті бұған дейін де осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін сотты болған. Іс бойынша тергеу жалғасуда.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript