Үндістанның Гүджарат штатында көпірдің құлауына байланысты 9 адам тұтқындалды
Сурет: pixabay
Үндістанның Гүджарат штатында көпірдің құлауына байланысты 9 адам тұтқындалды. Олардың ішінде билет сатушылар мен мердігер компания өкілдері бар, деп хабарлайды Zakon.kz.
«Индиан экспресс» газетінің хабарлауынша, «Дивали» мерекесі кезінде өзен арқылы өтетін көпірдің үстіне тым көп адам жиналған.
Сондықтан, аспалы жол ауыр салмақты көтере алмай, опырылып түссе керек.
Соңғы мәліметке қарағанда, апаттан 141 адам қайтыс болды, деп жазады qazaqstan.tv.
Олардың арасында 14 жасқа дейінгі 35 бала бар. Құтқарушылар 177 адамды жағаға аман жеткізгенін хабарлап отыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript