Казинода 507 миллион теңгені ұтқызған шенеуніктерді МҚІА тексеріп жатыр
Сурет: pixabay
Мемлекет басшысының тапсырмасымен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жекелеген мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға қатысу мәселелері бойынша тиісті тексерулер жүргізіп жатыр деп хабарлайды Zakon.kz Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне сілтеме жасап.
Ведомство мемлекеттік қызметшілер тарапынан бұзушылық анықталған жағдайларда, нақты шаралар қолданылатынын мәлімдеді.
Мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінде айқындалған.Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметі
Кодекске сәйкес, мемлекеттік қызметшілер қызметінде мемлекеттік биліктің беделіне және мемлекеттік қызметке кір келтіретін әрекеттерге бармай, кез келген жағдайда әдеп нормаларын сақтап, бірінші кезекте елдің, мемлекеттің мүддесіне қызмет етуі тиіс.
Атап өту керек, Агенттікпен және әдеп жөніндегі уәкілдермен мемлекеттік қызметшілермен әдеп нормаларын сақтау бойынша профилактикалық жұмыстар тұрақты түрде іске асырылады. ҚР МҚІА Баспасөз қызметі
2022 жылғы 19 қазанда Алматы облысындағы казинода мемлекеттік қызметкерлер 507 миллион теңге ұтқызғаны мәлім болды. Алматы облысы прокуратурасының мәліметінше, түрлі өңірлерден 305 шенеунік мемлекеттік қызметте жүргенде ойынханаларға барып, ақша тіккен.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript