Азамат Жолманов ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды

Жаңа қызметке тағайындалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.02.2022 16:49 Сурет: ҚР Мемлекеттік статистика қызметі агенттігінің баспасөз қызметі
Мемлекет басшысының өкімімен Азамат Сағатұлы Жолманов Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz

Тиісті бұйрық Ақорда сайтында жарияланған.

Азамат Жолманов Президенттік Жастар кадрлық резервінің мүшесі, мемлекеттік басқару саласында 10 жылдан астам тәжірибесі бар.

Еңбек жолын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Сыртқы байланыстар және инвестициялар департаментінің сарапшысы болып бастады.

Бұған дейін 31 қаңтарда Айнұр Серғазиеваның да Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалғаны белгілі болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: