Синоптиктер 3-5 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды

Алматы, ауа райы, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.11.2022 13:19 Сурет: Zakon.kz
Алдағы күндері еліміз бойынша қар аралас жаңбыр жауады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның ауа-райына ылғалдың үлкен қоры бар аз жылжымалы солтүстік-батыс циклоны ықпал етеді, онымен ауа-райының тұрақсыз сипаты күтіледі, қар аралас жаңбыр жауады.

4 қараша күні күндіз, 5 қараша түнде солтүстік-батыста, солтүстікте, 4 қараша күндіз, 5 қарашада тәулік бойы оңтүстіктің, оңтүстік-батыстың таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жауын-шашын болады, 5 қарашада түнде Қазақстанның оңтүстік-батысында қатты жаңбыр күтіледі."Қазгидромет" РМК

Республика бойынша тұман, көктайғақ, солтүстік-батыс, солтүстік өңірлерде желдің күшеюімен бірге жаяу бұрқасын болжанады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: