Президенттікке кандидат Әуесбаев Дайрабаевпен пікір таластыруға келісті

ҚР президентін сайлау, сайлау,президенттікке кандидаттар, пікірсайыс, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.11.2022 16:48 Сурет: Facebook/Нурлан Ауесбаев
Оппозициядан президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаев барлық бәсекелестермен пікірталасқа дайын. Мұны ол әлеуметтік желіге жүктелген бейнеүндеуінде мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.кz.

Нұрлан Әуесбаев 3 қарашада Facebook әлеуметтік желісінде видео үндеу жариялады.

Ол "Ауыл" партиясынан Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаевтың шақыруын қабыл алғанын мәлімдеді.

Сондай-ақ Әуесбаев Дайрабаевтың бейнеүндеуіне де пікір білдірді. "Ол шындықты айтты, оған ренжуге болмайды", деп атап өтті.

"Мен ешкімнен қорықпаймын! Мен дебатқа дайынмын", - деді Нұрлан Әуесбаев.

Әуесбаев Орталық сайлау комиссиясынан келесі аптада пікірталас ұйымдастыруды өтінді.

Қазақстан Республикасы президентін кезектен тыс сайлау 2022 жылғы 20 қарашаға белгіленді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: