"АрселорМиттал Теміртауға" көп мөлшерде айыппұл салынуы мүмкін
Сурет: pixabay
Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зүлфухар Жолдасов кулуарда қоршаған ортаны ластағаны үшін "АрселорМиттал Теміртау" компаниясына ірі көлемде айыппұл салынатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Комитет басшысының айтуынша, "АрселорМиттал Теміртау" компаниясы тарапынан экологиялық нормативтерді сақтамауына қатысты жүргізіліп жатқан тексеру аяқталып келеді.
Қазір біз тексеруді аяқтадық. Біз қалдықтарға, тазарту қондырғыларына, қоршаған ортаны қорғау шараларын іске асыруға қатысты мәселелерді анықтадық. Қазір көп мөлшерде айыппұл дайындап жатырмыз. Сондай-ақ кәсіпорын тексеруге кедергі келтірді. Зулфухар Жолдасов
Ол айыппұл бірнеше миллиард теңге көлемінде болуы мүмкін екенін айтты.
Қазір санап жатырмыз. Бірнеше миллиард теңгеге айыппұл дайындаймыз деп ойлаймын. Мәселе айыппұлда емес, біз оларды шығарындыларды қазір азайтуға мәжбүрлейміз. Зулфухар Жолдасов
Басқарма өкілі қазір рұқсат беру науқаны жүріп жатқанын нақтылады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript