Түркістанда балабақша мен үйлерді су басты

Су басу қаупі бар, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.11.2022 11:17 Сурет: pixabay
Тоқтаусыз жауған жаңбыр салдарынан, Төле би ауданындағы Бірінші мамыр ауылын су алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қызыл су елдімекендегі бір балабақша мен 25 үйдің ауласын және бірнеше көшені басқан, деп жазады qazaqstan.tv.

Құтқарушылар жауын-шашынның салдарымен күресіп жатыр. Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, қызметкерлер ағынның жолын бөгеу үшін 200 қап инертті материал төсеген.

Қазгидромет бүгін де өңірде жаңбыр жауатынын хабарлап отыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: