Жаңалықтар тізбегі
0

Салтанат Тұрсынбекова: Елімізде басшылық лауазымдарда гендерлік теңдік сақталмаған

ҚР президенттігіне кандидат, гендердік теңдік, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.11.2022 13:53 Сурет: Таисия Колевид
Қазақстандағы басшылық лауазымдардағы гендерлік теңдіктің қазіргі жағдайы мәз емес. Бұл пікірді Қазақстан президенттігіне кандидат Салтанат Тұрсынбекова үгіт-насихат жүргізу мақсатында Қостанай қаласының құқық қорғаушылармен кездесуі кезінде айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның сөзінше, әйелдер ел халқының басым бөлігін құраса да, басшылық қызметтегі бұрымдылар саны өте аз.

Құзыреттіліктері жоқтығынан әйелдердің көптеген пікірі ескерілмейді, – дейді кандидат.

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, Қазақстан Республикасының халқы 19 миллион адам болды, оның 52 пайызы әйелдер. 2020 жылғы есептеулерге сүйенсек, елімізде жұмыс істейтін әрбір екінші әйелдің (47,3 %) жоғарғы немесе жоғарғы оқу орнынан кейінгі білімі болғанын көреміз. Ал жоғары білімді жұмыспен қамтылған ерлердің үлесі небәрі 38,1 пайыз.

"Біздің елде әйелдер көп, олардың арасында білімділері де жеткілікті. Бірақ басшылық қызметтерде айқын теңгерімсіздік байқалады" деген Салтанат Тұрсынбекова әкімдер ішінде әйелдер жоқ екенін алға тартты.

Қазір бізде облыс немесе республикалық маңызы бар қалалардың бірде-бірінде әйел әкім жоқ. Тек екі әйел министр бар. Оның үстіне, олар тек дәстүрлі салаларды, оның ішінде денсаулық сақтау мен әлеуметтік қорғауды басқарады. Парламенттегі әйелдердің саны тіпті үштен біріне де жетпейді. Салтанат Тұрсынбекова

Оның айтуынша, университет ректорлары қызметіндегі әйелдер саны ерлерге қарағанда үш есе аз. Қазақстанда мемлекеттік қызметтегі әйелдердің үлесі – шамамен 55 пайыз.

Саяси мемлекеттік лауазымдардағы әйелдердің үлесі небәрі 9 пайыз (2021 жылғы деректер).Салтанат Тұрсынбекова

Сондай-ақ ол партиялық тізімде әйелдер мен жастардың кем дегенде 30 пайыз болуы керек деген квотаға да тоқталды.

Мен бұл квоталармен мүлде келіспеймін. Басқа ешбір елде мұндай тәсіл іс жүзінде жасалып жатқан жоқ. Бұл 30 пайыздық норма болатындай қандай да бір өнім емес қой. Мен әйелдердің ер азаматтар еңбек ететін барлық лауазымдарда жұмыс істегенін қалаймын. Құзыреттілік тең болуы керек. Егер бізде бүгінде халықтың 52 пайызы әйелдер болса, Парламенттегі, квазимемлекеттік сектордағы, кез келген саладағы әйелдердің де үлесі, кем дегенде 50 пайыз болуы керек, – дейді Салтанат Тұрсынбекова.

Оның сөзінше, партиялық тізімді тіркеу үшін 30 пайыздық квота қарастырылған, "бірақ мандаттарды бөлу кезінде мұндай квота сақталуына кепілдік жоқ".

Сонымен қатар, әйелдер квотаны басқа санатпен, оның ішінде жастармен бөліседі. Бұл – гендерлік теңдікті сақтаудың тиімсіз шарасы. жойғым келеді. Салтанат Тұрсынбекова

Президенттікке кандидат осы мәселелерді тізбелей келіп, әйелдерге квота түріндегі үлестірмені қажет ететін адал емес жүйені жойғысы келетінін айтты.

Қазақ әйелдерінің арасында талантты менеджерлер аз дегенге, тіпті сену қиын. Менің ойымша, дәл осы жүйе әйелдердің алға ұмтылып, дамуына мүмкіндік бермейді. Мен әйелдердің барлық жердегі үлесі 50 пайызға иелік еткенін, заң бойынша өздеріне тиесілі құқықты алғанын қалаймын, – деп сөзін түйіндеді Салтанат Тұрсынбекова.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: