Құқық қорғаушы Салтанат Тұрсынбекова ОСК-ға құжаттарын тапсырды

Салтанат Тұрсынбекова – құқық қорғаушы және ол Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы заңдардың қабылдануын жақтайды.
Орталық сайлау комиссиясына "Қазақ аналары – дәстүрге жол" республикалық қоғамдық бірлестігінің жоғары органы отырысының кандидат ұсыну туралы хаттамасынан үзінді көшірмені, депутаттыққа кандидат ретінде дауысқа түсуге келісімі туралы өтінішін тапсырды. Сонымен қатар өмірбаяны, Қазақстан Республикасы ОСК шотына сайлау жарнасының төленгенін куәландыратын құжаты, өтініш берушінің жеке басын және оның жоғары білімін растайтын құжаттардың көшірмелері ұсынылады.
Салтанат Тұрсынбекова ұзақ жылдар бойы азаматтық құқықтарды, әсіресе әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғап келеді. Ол - Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі. Сайлауалды бағдарламасында ол Қазақстандағы экономиканы, өнеркәсіпті, халықаралық қатынастарды, әлеуметтік саланы дамыту, сыбайлас жемқорлықпен күрес, сонымен бірге зорлық-зомбылықпен күрес және құқық бұзушылықтың санын азайтуды көрсетуді жоспарлап отыр.
Айта кетейік, Салтанат Тұрсынбекова Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде бүгін ұсынылған еді.
Қазақстанда мерзімінен бұрын президент сайлауы 20 қарашаға белгіленген.