Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанның басым бөлігінде түнде үсік жүреді

Қазақстанның басым бөлігінде үсік жүреді, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.11.2022 15:14 Сурет: pixabay
Қазгидрометтің мәліметінше, Қазақстан Республикасы аумағының солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда тұрақсыз ауа райы сақталады, сонымен қатар қар жауады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сонымен қатар, синоптиктер басым бөлігінде тұман түседі, солтүстікте, шығыста көктайғақ болады, солтүстікте, шығыста және орталықта қар жауып, жел күшейеді деп болжайды.

Астанада – көшпелі бұлт шығады, кей жерлерде аздаған қар жауады, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -2...-°C, күндіз 0...-2°C.

Алматыда – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде -1...-3°С, күндіз +4...+6°С.

Шымкентте – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде кей уақытта тұман. Шығыстан соғатын жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде -2...-4°С, күндіз +9...+11°С.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: