Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаевқа «Қаңтар оқиғасына» қатысушыларға рақымшылық жасаудың барысы туралы баяндалды

Тоқаевқа «Қаңтар оқиғасына» қатысушыларға рақымшылық жасаудың барысы туралы баяндалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.11.2022 15:15 Сурет: Zakon.kz
Мемлекет басшысы Бас прокурор Берік Асыловты қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президентке еліміздегі заңдылық пен құқықтық тәртіптің жай-күйі, сондай-ақ прокуратура органдарының өткен кезеңдегі жұмыстарының қорытындысы туралы мәлімет берілді.

Мемлекет басшысына «Қаңтар оқиғасы» бойынша жүргізіліп жатқан тергеу амалдары мен оған қатысқандарға рақымшылық жасау мәселелері прокуратураның ерекше бақылауында тұрғаны баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа қылмыстық салада 1,8 мыңнан астам тұлғаның конституциялық құқығы қорғалғаны жөнінде айтылды. Прокурорлардың наразылығы бойынша 866 үкім жойылып, өзгертілді. 183 сотталушының жағдайы жақсартылды, 20 адам ақталды. Бизнесті қорғау саласында 145 мың кәсіпкердің құқығы қалпына келтірілді.

Берік Асыловтың айтуынша, жер қойнауын пайдалану мен автомобиль жолдары салаларында жүйелі заң бұзу фактілері анықталды. Индустрия министрлігі кен өндіруге дайын тұрған 144 кен орнын барлауға келісімшарттар берген. Бұдан бөлек, жер қойнауын пайдаланушылар бюджетке міндетті 96 миллиард теңге төлемегені анықталды.

Экономикалық ресурстарды заңсыз шоғырландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия жұмысының аясында мемлекетке жылжымайтын мүлік объектілері, жер учаскелері және басқа да мүлік қайтарылды.

Прокурорлардың актілеріне сәйкес, құны 43 миллиард теңгені құрайтын заңсыз берілген және мақсатына пайдаланылмаған 7,3 миллион гектар жер мемлекетке қайтарылды. Соның ішінде, олигополия меншігіндегі құны 6 миллиард теңге болатын 140 мың гектар жер қайтарылды. Жуық арада олигополия субъектілерінің меншігінде болған 160 мың гектар жер қайтарылады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: