Алматы облысында 3 ай іздеуде жүрген қыз табылды
Сурет: ҚР ІІМ
Тамыз айының басында Ескелді ауданының полиция бөліміне үйден шығып кеткен 22 жастағы қызын іздеуге көмек сұраған Бақтыбай ауылының тұрғыны жүгінді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жақында көші-қон қызметінің қызметкерлері іздеушілермен бірлесіп, қыздың жүрген жерін анықтай алды.
Қыз көршілес Алматы облысының аудандарының бірінен табылды. Қазір оның неліктен үйінен кетіп, ата-анасымен хабарласпағаны анықталып жатыр, деп жазады Polisia.kz.
Қыз бала ата-анасымен қауышты. Қазір үйінде, – деп хабарлады Ескелді ауданының полиция бөлімі.
Қызымен қайта қауышқан бақытты ана тәртіп сақшыларына өзінің алғысын білдірді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript