Жаңалықтар тізбегі
0

Энергетика министрі Риддердегі ЖЭО-да болған апаттар туралы: Жағдай қиын

Риддер, Жылу-электр орталығы, ҚР Энергетика министрі, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.11.2022 15:29 Сурет: tets.kz
ҚР Парламенті сенатының кулуарында Энергетика министрі Болат Ақшолақов ЖЭО-дағы тағы да істен шыққан алтыншы қазандықты қалпына келтіруге бір тәулікке жуық уақыт қажет екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

"Жылусыз қалған Риддер тұрғындарының жайы не болады?" деген сауалға жауап берген Энергетика министрлігінің басшысы жағдай қиын күйінде қалып отырғанын айтты.

Енді апаттың мән-жайын түсініп, тез қалпына келтіру үшін уақыт қажет. Мұның бәрі құрал-жабдықтардың тозғандығынан. Қазір ең бастысы – қазір судың температурасы. Болат Ақшолақов

Қазіргі уақытта үш қазандық жұмыс істеп тұр. Алтыншы – негізгі қазандық кеше іске қосылды, бірақ бүгін түнде оны қайтадан тоқтатуға мәжбүр болды.

Бүгін түнде алтыншы қазандықтан тағы да тесік табылды. Оны мүмкіндігінше тезірек бітеу үшін уақыт қажет. Мұның барлығы техниканың тозығы жеткендігінен. Бұл басшылыққа емес, станция қожайындарына қойылатын сұрақ болса керек. Қазір сонымен айналысып жатырмыз, бұл заңды мәселе. Енді ең бастысы температураны көтеру. Болат Ақшолақов

Оның айтуынша, қазандықты қалпына келтіруге бір тәулікке жуық уақыт кетеді.

Осы орайда министр Риддерде не жаңа отын-энергетикалық кешен, не болмаса ЖЭО-ға жаңа қазандық салу қажеттігі туралы мәселеге де тоқталып өтті.

Жылу мен электр қуатын жабу оңай емес екенін ескеру керек. Бұған тарифтерді қосыңыз. Ескірген станцияларды ауыстыруды қажет ететін, желілері тозған көптеген өңірлерде мұндай мәселе бар. Болат Ақшолақов

Баламалы отын көздері және Риддер ЖЭО-ны газға көшіру мүмкіндігі туралы айта келе, министр мұны жалпы энергетикалық жүйені жаңғырту жоспарын іске асыру кезінде ескеру қажет екенін айтты.

Жалпы, оның айтуынша, Қазақстанның барлық энергетикалық жүйесін қалпына келтіру және жаңарту үшін 500 миллиард теңге қажет.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: