Жұма күні еліміздің басым бөлігінде бұрғасын соғып, көктайғақ болады
Сурет: Zakon.kz
Синоптиктер Қазақстанда 2022 жылғы 11 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Республиканың басым бөлігінде жаңбыр, қар, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, солтүстікте, солтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста жел күшейеді. Тек республиканың батысында, оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. "Қазгидромет" РМК
Республика бойынша тұман түседі.
Астанада күн бұлтты, өткінші жауын-шашын (көбінесе қар) жауады, көктайғақ, борасын болады. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -1...-3°С, күндіз 0°С шамасында.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде -1...-3°С, күндіз +6...+8°С.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде кей уақытта тұман. Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -2...-4°С, күндіз +8...+10°С.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript