Қыркүйек айында Қазақстанда 100 мыңнан астам көлік тіркелген

жол, көлік, қала, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.11.2022 18:53 Сурет: Zakon.kz
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылдың қыркүйегінде 102,2 мың автокөлік тіркелген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,9% көп, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл ретте жеңіл көліктер – 10,4%, жүк көліктері – 20,8%, автобустар – 5,6% көп тіркелді.

Мысалы, 2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген көлік құралдарының саны 4 миллион 362 мың болды. Оның 87,8 пайызы жеңіл, 10,2 пайызы жүк көлігі және 2 пайызы автобустар.

Сонымен қатар статистика мамандарының мәліметінше, елімізде тоғыз айда 10 258 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 15 092 адам зардап шеккен.

Өткен жылмен салыстырғанда оқыс оқиға 8,9% артқан.

Өз кезегінде, көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру ұйымдары 35,9 млрд теңге сомасында 68 885 сақтандыру төлемін жүзеге асырды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: