Қазақстандықтар желтоқсанда қанша күн демалады

Биыл желтоқсанда бұрнағы жылдармен салыстырғанда, мереке күндері азайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сонымен, 1 желтоқсанда атап өтілетін Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мерекелер қатарынан алынып тасталды. Биылдан бастап бұл күн – жұмыс күні.
Тәуелсіздік күні биыл тек бір күн – 16 желтоқсанда тойланады.
Сонымен желтоқсанда Тәуелсіздік күні қарсаңында:
бес күн жұмыс істейтіндер – 16, 17, 18 желтоқсан (жұма, сенбі, жексенбі);
алты күн жұмыс істейтіндер – 16, 18 желтоқсан (жұма, жексенбі) демалады.

Сурет: Zakon.kz
Биылғы жаңа жыл сенбі (31 желтоқсан) және жексенбі (1 қаңтар) күндеріне сәйкес келеді. Екі күн де қазақстандықтар жұмыс істемейді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript