Қазақстандықтар шілдеде қанша күн демалады

Қазақстандықтар шілдеде қанша күн демалады, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.06.2022 12:22 Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
2022 жылдың шілдесінде қазақстандықтар екі мереке – Астана күні мен Құрбан айтты тойлайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Биыл Елорда күні – 6 шілде сәрсенбіге сәйкес келеді. Бұл ретте демалыс күндерін кейінге қалдыру қарастырылмаған.

Осылайша бес күн жұмыс істейтіндер де, алты күн жұмыс істейтін қазақстандықтар да бір күн – 6 шілде демалады.

Мұсылман күнтізбесі бойынша Құрбан айттың бірінші күні – 9 шілде, сенбіге түседі. Бұл күн демалыс және сенбі күніне сәйкес келетіндіктен, демалыс қарастырылмаған.

Шілдедегі демалас күндері:

бес күн жұмыс істейтіндер үшін 20 жұмыс күні және 11 демалыс күні бар;

алты күн жұмыс істейтіндер үшін 25 жұмыс күні және 6 демалыс күні бар.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: