Түркістан облысында BMW аялдамаға соғылды

Түркістан облысы, аялдама, жол-көлік апаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.11.2022 17:48 Сурет: видеодан скриншот
15 қарашада Түркістан облысында жол-көлік апаты салдарынан BMW көлігі аялдаманы бұзып-жарып өтті, үш адам зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, алдымен жол бойында бір бағытта келе жатқан BMW-525 пен Lada бір-біріне соғылған. Салдарынан BMW жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, аялдаманы бұзып-жарып өткен.

Аялдамада тамақтандыру орны болған.

Оқиға салдарынан екі даяшы мен көлік жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Олардың жағдайы "қанағаттанарлық" деп бағаланды.

Сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталды. Жүргізушілердің үстінен ҚР ӘҚБтК-нің 610 бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: