Жер шарындағы 8 миллиардыншы адам Арменияда дүниеге келген

бала, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.11.2022 18:55 Сурет: pixabay
Армения планетаның 8 миллиардыншы тұрғыны жергілікті Мартуни қаласында дүниеге келген қыз бала екенін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Арменпресс» басылымының хабарлауынша, жаңа туған нәрестенің есімі - Арпи.

Бұқаралық ақпарат құралдары қыздың дені сау, салмағы 2,9 келі, бойы 49 см екенін жазды. Арпи бұл отбасындағы үшінші және көптен күткен перзент. Алғашқы екі бала – ұл.

БҰҰ-ның Халық қорының Армениядағы өкілдігінің мәліметінше, әлемдегі қай баланың 8 миллиардыншы бала болатынын есептеу мүмкін емес. Сондықтан әр ел өз өтініші бойынша бір баланы таңдайды, оны бірегей тұлға деп жариялайды.

15 қарашада Жер тұрғындарының саны 8 миллиардқа жеткені белгілі болды. 2011 жылы жер халқы 7 миллиард болған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: